Шақалақтың денесін куәгерлер 23 ақпан күні қоқыстан тауып алып, полицияға хабар берген. Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Жедел шаралар барысында жаңа туған нәрестенің анасы анықталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.