Мәзір
31 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Өскеменде Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жарияланды

20-50 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.

Өскеменде Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жарияланды Өскеменде Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жарияланды
Фотосурет Kazgazeta.kz сайтынан

Өскемен қаласындағы О.Бөкей атындағы кітапхана жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған байқау жариялады.
– Жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Жарық дүние» республикалық әдеби байқауын жариялаймыз. Жанры – әңгіме. Еліміздің барлық аймағынан 20-50 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Шығармаларыңызды 2025 жылдың 1 ақпанынан – 1 тамызына дейін ukcbs@mail.kz электрондық поштасына жолдай аласыздар, – дейді кітапхана мамандары.
Байқаудың ережесімен кітапхананың bokeylibrary.kz сайтында танысуға болады. Сауалдарыңыз болса: 8-7778550705,
8(7232) 25-17-70 немесе кітапхана директорының орынбасары Жиенбекова Жанат Мәуітқызына 87074949883 (whatsapp) телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.

Көп оқылды: