Kazinform дерегінше, полиция Павлодар қаласының №36 орта мектебінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады.
Мектеп күзетшісі сол күні жұмысқа мас күйінде келіп, 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрған. Кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жүгінді.
- Полиция Павлодар мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады. 19 ақпан күні мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Бала ауруханаға жүгінген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылған. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Облыстың білім беру басқармасына күзетшінің жұмыс орнында әлгіндей күйде болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданған.