19 жастағы жігіт қала көшелерінде «киімсіз марафон» ұйымдастырды. Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды, деп хабарлайды Jarialike.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ. Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада.
Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.