Әлеуметтік желілерде жақсы танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты. Бұл туралы madeniportal.kz Ulysmedia сайтына сілтеме жасап хабарлады.
6 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде дін бостандығы жөніндегі комиссия мен дін басқармасын құратынын мәлімдеген.
Трамп өз сөзінде АҚШ-тың бас прокурорына антихристиандарға қарсы федералды жұмыс тобын құруды бұйыратын жарлық жариялады. Жарлыққа бейсенбіде кейінірек қол қойылады, деп сендірді америкалық көшбасшы.
Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде америкалық саясаткерлер, кәсіпкерлер және шетелдік қонақтар Вашингтонда рухани асқа жиналады. Іс-шараны алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырған. Бірлескен таңғы ас АҚШ-тың «рухани жаңаруына» жол ашады деп сендіреді.