Мәзір
17 тамыз, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Саммиттен соң: Путин  Украинаның Донецк және Луганск облыстарын толық бақылауға алмақ

Оның үстіне, Херсон және Запорожье облыстарында тұрған жерінен әрі қарай бармауға да уәде берген

Саммиттен соң: Путин  Украинаның Донецк және Луганск облыстарын толық бақылауға алмақ Саммиттен соң: Путин  Украинаның Донецк және Луганск облыстарын толық бақылауға алмақ
Pavel Bednyakov/AP Photo/picture alliance

DW - Неміс толқыны басылымы Путиннің талаптары туралы медиадағы сыбыстарды келтіреді,-деп хабарлайды Jarialike.kz.

15 тамыз күні Анкориджде (Аляска шт., АҚШ) Трамп пен Путин Украина мәселесі бойынша саммит өткізген еді.

Bloomberg, Financial Times және The New York Times басылымдарының  дереккөздерінің айтуынша, Путин  Украинаның Донецк және Луганск облыстарын толық бақылауға алса, ымыраға келетінін білдірген. Оның үстіне, Херсон және Запорожье облыстарында тұрған жерінен әрі қарай бармауға да уәде берген.

Бұларға қоса, Кремль қожайыны жаңа шабуылдар бастамауға да уәде берген, бұл туралы Financial Times басылымына үш дереккөзі айтыпты. Дегенмен, Путин – "қақтығыстың алғышарттарын жою" жөніндегі талабынан қайтпайтынын айтқан. Жер дауы және басқа да мәселелер бойынша ымыраға келгенімен, "қақтығыстың алғышарты болған нәрселерді жою" – басты талабым депті.

Путин майданның қазіргі шебінде қалып, "ешқашан Украинаға немесе басқа Еуропа еліне шабуыл жасамауға" қолхат беруге әзір болыпты. Дегенмен, Еуропа лидерлері, оның ішінде Зеленский де – Путин қолхат берген уәдесін де  оңай бұза беретініне назар аударады.

Көп оқылды: