Анықталғандай, өңірдегі Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Ұлан, Самар және Алтай аудандары су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына енді.
«Қазгидромет» РМК-ның гидрометеорологиялық орталығы қардың еруіне және өзен сулары деңгейінің жоғарылауына сүйене отырып, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған алдын ала болжамды ұсынды.
- Барлық аймақтар мен аудандар үш санатқа бөлінді: жоғары, орташа және төмен тәуекел. Елдегі су тасқыны қаупі жоғары аймақтар: БҚО, СҚО, ШҚО, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстары. Болжам көпжылдық гидрологиялық мәліметтерге, соның ішінде жауын-шашынның жиналуы, мұздату тереңдігі және топырақтың ылғалдылығына қарай негізделген, - деді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Облыстағы Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Ұлан аудандары, сондай-ақ Самар және Алтай ауданы жоғары тәуекел аймағында. Ал Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары мен Риддер қаласы орташа тәуекел аймағына енді.