Jarialike.kz тілшісі өткенде АҚШ пен Канада жері фристайл-могулдан Ұлттық құрама мүшелері үшін жеңісті деп жазған едік. Соған тағы бір көз жеткіздік. Өскемендік Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медальды олжалады.
Ол параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Бәсеке барысында Анастасия жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонның алдын орады!
Ал шешуші сында АҚШ өкілі, тәжірибелі Джейлин Кауфпен кездесіп, қорытындысында екінші орынға тұрақтады.
Қола медальды Перрин Лаффон еншілесе, өскемендік Юлия Галышева тоғызыншы, ал зайсандық Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.