АҚШ-тың Уотервилл қаласында өткен фристайл могулдан Әлем кубогі кезеңі әдеттегідей кіл мықтыларды жинады. Көптен көрінбей кеткен тәжірибелі спортшылар осы жақта бас қосты.
Ал жерлесіміз бұл жолы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жартылай финалға дейін жетіп, ол жерде Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен бәсекеде Галышева канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті. Жалпы, өскемендік фристайлшы АҚШ-та үнемі жүлдеге ілігеді.
Алтын медаль Перрин Лаффонның, күміс АҚШ спортшысы Джейлин Кауфтың еншісінде.
Одан бөлек, Анастасия Городко тоғызыншы орынға жайғасса, зайсандық Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.