Мәзір
Бүгін, 16:14 / JariaLike / Күн-Жария

«Елім дегендер»: этнос өкілдері арасындағы республикалық байқау басталды

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны қолдану аясын кеңейту. 

«Елім дегендер»:  этнос өкілдері арасындағы республикалық  байқау басталды «Елім дегендер»:  этнос өкілдері арасындағы республикалық  байқау басталды

Құрметті БАҚ өкілдері мен шығармашыл жастар!

Республика күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауыменАстана қаласында «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны қолдану аясын кеңейту. Жоба 14–35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдерінің қазақ тіліндегі шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған.

Номинациялар:

  • Халық әндерін орындау
  • Көркемсөз өнері
  • Эссе жазу

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10–30 қыркүйек.

Іріктеу кезеңі: 2025 жылғы 1–10 қазан (қазылар алқасы онлайн форматта бағалайды).

Қорытынды республикалық кезең: 2025 жылғы 22 қазан, Астана қаласы, Оқушылар сарайы.Өтінімдер elimdegender.kz@gmail.com электронды поштасына немесе «Тіл тағдыры» сайтында көрсетілген форма арқылы қабылданады (материалдарға сілтемелер қоса жолданады).

Айта кетейік, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігініңқолдауымен жүзеге асырылуда.

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу

Жанар, 8700 968 8204 (Жоба жетекшісі).

Көп оқылды: