Мәзір
28 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған ер адам ұсталды

Басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.
 

Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған ер адам ұсталды Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған ер адам ұсталды
Фотосурет Inbusiness.kz сайтынан

Inbusiness.kz дерегінше, Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Марал Ишан» қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады.
Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Көп оқылды: