Мәзір
20 қаңтар, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Риддерде өткен спидвейден ел чемпионатында әкесі мен ұлы қатар жүлдегер атанды

Қаңтардың 18-і күні қар тоқтаусыз жауып, шара шырқын бұза түссе де, тарқасып кеткен жұрт байқалмады.

Риддерде өткен спидвейден ел чемпионатында әкесі мен ұлы қатар жүлдегер атанды Риддерде өткен спидвейден ел чемпионатында әкесі мен ұлы қатар жүлдегер атанды
Фотосурет Риддер әкімдігінен

Спидвейді мотожарыс деп те жатады. Егер қыста өткізілсе, жастар мұз үстімен жоғары жылдамдықта жүйткиді.

Не дегенмен бұл Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі. Риддер, Өскемен, Рудный, Қостанай қаларынан бөлек, Алтай ауданынан келген. Көбі бірін-бірі таниды, әдіс-тәсілдерін бағамдап . Бірақ олардан бөлек, ақ түтектен көз байланып,  спортшылартағы бір кедергіге қатар төтеп беруге мәжбүр болды. Соңғы 4-5 күнде қар көп аудан-қалада тоқтаусыз жауды. Риддерде де таңнан кешке дейін қапалақтап тұрды. Шыны керек, көп адам үшін бұл әжептәуір спорт мейрамы. Риддерліктер осы бәсекеде болады дегенді естігенде, бәрін тастап алаңнан табылады.Көптің көзінше, егде жастағы бірнеше адамға «Спорт шебері» атағы табысталды. Олардың ішінде, осы спидвейде талай жыл атой салған Василий Дальчанин де болды. Ол облыстан асып, республикада олжа салған. Арысы, КСРО көлемінде жоғары нәтижелер көрсетті. Жаттықтырушы ретінде де айтары бар. Мәселен, ол даярлаған Алексей Балашов спидвейден 11 дүркін Әлем чемпионы атанған!

Жер тайғақ, ауа райы қолайсыз болғандықтан жарыс жолында құлап, сәтсіздікке ұшырағандар да болды. Жыл сайын Риддер қаласы әкімдігінің және «АтланТ» МСТК қолдауымен спидвейге мұз төсемін құю бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі.

Сайыстың өзі бірнеше сағатқа созылды. Қар тоқтаусыз жауып, шара шырқын бұза түссе де, тарқасып кеткен жұрт байқалмады. Тартысты бәсеке төрешілер тарапынан лайықты бағаланып, түбі жеңімпаз анықталды. Осы жолы риддерлік Сергей Бирюковтың бабы келісті. Өскеменнен келген Андрей Ляпин екінші орын алса, оның Валерий есімді әкесі мәре сызығын үшінші болып кесті. Ұйымдастырушылар сөзінше, әкесі мен ұлы сайыстардан медальсыз қайтпайды. Тек араларын жүлделі орындар бөліп тұрады.

Енді екінші кезең ақпан айының басында Алтай ауданындағы мұз сарайында ұйымдастырылмақ. Ал Риддердегі «Сокол» стадионында қаңтардың 26-сы күні кезекті ауқымды бәсеке алауын жағады.

– Қысқы картингтен республикалық жарыс өткіземіз. Негізі бұл жазғы спорт түрі саналады. Бірақ осы жолы қатысушылар үшін жаңашылдықтар енгізуді жөн көрдік, – деді жарыстың бас төрешісі Ольга Стребкова.

Нұрбек Асқаров

Көп оқылды: