Мәзір
11 қараша, 2024 / Super Admin / Күн-Жария

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
boets-shop.ru

Бас прокуратура Қазақстан азаматын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады.

«Күдікті 2023 жылғы тамызда Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген.

Жоспарларын жүзеге асыру үшін күдіктілер түнгі уақытты пайдаланып, мас күйінде бұрын таныс болған жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есінен танып қалғанша ұрып-соғып, 200 мың теңге мөлшердегі мүлкін жымқырған. Көптеген дене жарақаттарының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген», - делінген хабарламада.

Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, ал екінші айыпталушы қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Түмен қаласының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Көп оқылды: