Мәзір
20 маусым, 2024 / JariaLike / Руханият

Хандардың әдет заңы «Әділетті» Қазақстан болуға керек!

Хандардың әдет заңы «Әділетті» Қазақстан болуға керек! Хандардың әдет заңы «Әділетті» Қазақстан болуға керек!
Ашық дереккөзі

“Жеті Жарғыда” адам өлтірген қылмыскерге қандай жаза берген ? Қазіргі әділ сотпен сай келе ме ? Әрі қарай осы ойды тарқатып көрейік .

 Тәуке хан тұсында жүйеге түскен әдет заңы  ел өмірінде өлшеусіз манызды қызмет атқарды. Жеті арна болып ,  ел өмірінің жеті саласын тұтас қамтыган әдет заңының жүйесі тіршілік қағидасын қалыптастырды. Әдет заңының мұндай өлшемдері Тәуке ханға дейін де халық арасында қолданылып келгенінде сөз жоқ. Шыңғыс  ханның «Ясасы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» - бұлардың да заң ретінде қызмет ақарғаны анық. Әз Тәукенін тұсында бұл  ережелер ресми түрде заң күшіне енді.Әдет заңының негізінде халықтың тұрмысында көптеген әдеп - қағида  қалыптасты. Мұндай әдеп өлшемдері елдің тұрмыс-салтында күні бүгінге дейін сақталып келеді.  Екінші жағынан, қазақ халкының Абай тұсындағы және Абайдың қатысуымен жасалған “Билер ережелерінде”  , Қазақстан Республикасының  заң жүйесінде де байырғы әдет заңының  өлшемдері көрініс тапқан. Бұл -  әдет заңының тарихи маңызы жоғары екенінің көрінісі.

Байырғы әдет заңының жүйесінде қылмысты іс жасаған қылмыскер қылмыстың салдарынан туған зардапты толығымен қалпына келтіретін. Бұл заңның көздеген басты мақсаты айыптыны жазалай отырып қылмысты іс нәтижесінде орын алған зардап пен зиянды орнына келтіру еді.

Осы тұста нақтылы бір-екі мысал келтіре кеткеніміз жөн болар. «Билер ережесінің» кісі өліміне байланысты 27-бабында былай делінген:

«Әдейі қастандықпен өлтірілген ер құны 100 түйе. Кейбіреуінікі 25 құнан атан, 25 дөнен атан, 25 бесті. Бәстесеміз деп, арғы негізі ойланбай өлтірілсе - 50 түйе: 25 кұнан атан, 25 бесті атан төленеді. Әйел құны ер құнынын жартысы. Оқыстан өлгенге құн төленбейді».

28-бапта :  өлген барымташыға, ұрыға құн теленбейді» , делінген .

Көріп отырсыздар, бұл жерде бір отбасының асыраушысы не азаматы кісі қолынан каза тапса, өлген адамның құны нақтылай қайтарылады. Яғни, «Билер ережестнін» кесімі бойынша , ер азаматтың құны қайтса, ол отбасыда моральдық қайғы орны толмағанымен, материалдық шығыны төленіп  отыр. Мұндай кесім  қайғыға  ұшыраған отбасына кәдімгідей көмек.  Дәлірек айтқанда, қазіргі базар бағасымен есепегенде 1 түйе 600 мың теңге тұратын болса, 100 туйе 60  миллион теңге болады.

Ал біз қолданатын ҚР  Қылмыстық кодексінің адам өліміне байланысты 96-бабын алып қарайық.

1. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға, құқыққа  қарсы қасақана қаза келтіру - алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

2. «… Кодекстін 97 - 100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспаганда, бұрын адам өлгірген адам жасаған адам өлгіру - мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз  он жылдан жиырма жылға дейінті мерзімге бас бостандығынан айыруға, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, немесе өмір бойы бас бостандытынан айыруға жазаланады», - делінген. Жарайды, қылмыскер тиісті жазасын алды делік. Ал, асыраушысынан не азаматынан айырылған отбасын ары қарай кім жеткізеді ? Жетім мен жесір ақысы не болмақ ? Міне, бүгінгі кодексімізде ол жағы, яғни айыпкерден жәбірленушіге материалдық шығынын өтеу көзделмегендіктен, судьяларымыз үкім шығарғанда ол жағын өз беттерінше қоса алмайды.

Бұл бағыттағы жұмыс жүйесін реттейтін уақыт та туар. Заңның әділеттілігі  оның ел игілігіне қызмет етуінде. Ел игілігіне қызмет етпеген заң әділетті емес, ол халықтық та бола алмайды.  
Айкөркем Бахтиярқызы

 

 

Көп оқылды: