Мәзір

Маңдай

Өтежан Нұрғалиев

Маңдай Маңдай
ЖИ көмегімен жасалған

Сол кезеңнің сыры нәзік білгенге,

Сол кезеңнің жыры нәзік білгенге,

Біле тұра қалай барам қорықпай

Шындық үшін бас кететін күндерге!?

Өткен күнге,

Өшкен сырға жан кіріп,

Жүрегіңді жүреді ұзақ жандырып,

Жүрегімнің қылдан нәзік хабарын

Айта алам ба нанбайтынды нандырып.

Қалар ма екем сәл жалғанға қақтығып,

Асып кетіп жүрмес пе екем аптығып,

Сор сыятын сұр маңдайға екі елі

Сыяр ма екен шындықтағы қаттылық!?

Кей нәрсенің шынын айту қиын-ақ...

Жалған жатар біреулерге жиі ұнап.

Біздің үйдің ай сайынғы кірісі -

"Жәрдем ақша" - бес сом алты тиын-ақ.

Шынын айтсам берекелі нәрсе өзі,

Базардағы байшыкештей әр сөзі,

Шай да аламыз, қант та аламыз осыған...

Әжептәуір аяқтанып, жан созып.

Өлмейтұғын өзектінің қорегі,

Колхоз

Бізге

Тары,

Талқан береді...

Тары да емес,

Талқан да емес,

Нан да емес...

Шай болатын сол кемпірдің қорегі...

Көп оқылды: