Мәзір

Мені ұятқа қалдырма ел алдында,– Жүрегімнен шыққан сөз – алғашқы сөз!

Анда-санда құлақ сап жүр дегейсің
Жүрегінде жоғалмай қалған үнге.

Мені ұятқа қалдырма ел алдында,–
Жүрегімнен шыққан сөз – алғашқы сөз! Мені ұятқа қалдырма ел алдында,–
Жүрегімнен шыққан сөз – алғашқы сөз!
ЖИ көмегімен жасалған

АЛҒАШҚЫ СӨЗ

Алғашқы сөз – қиын сөз, таптырмайтын,
Сыншы болса тыңдаушың – жақтырмайтын.
Келесі сөз – жай ғана келеді сөз
Қиын жерде бәйгеге шаптырмайтын.

Тұңғыш сөзді тар жерде тапқан адам,
Сөзін айтсын біреуден жаттамаған.
Асқақ болсын сол бір сөз, биік болсын,
Аласалар басынан аттамаған.

Шақырғанға бармайтын қиын кісі,
Келсін оған басқалар сыйынғысы.
Мәжіліске сол келсін бірінші боп,
Келе берер кезекпен кейінгісі…

Ер қалпынан айнымас, таңбас мінез,
Ұрпағына үзілмей жалғасшы тез,
Мені ұятқа қалдырма ел алдында,–
Жүрегімнен шыққан сөз – алғашқы сөз!

І-БАСТАМА: БАРСАҢ, СӘЛЕМ
АЙТА БАР БАЙҒАНИНГЕ!

Ақ қағаздан қорқушы ем нүктесі жоқ,
Айдаладан қорқушы ем бүкпесі көп.
Нүктесін де көп көрдім, бүкпесін де,
Маған, сірә, бұл жердің өкпесі жоқ.

Ерғараның иесіз орманында,
Таңды көрдім Ақтамда қонғанымда.
Күнді көрдім мен тұңғыш құмға батқан
Қызыл жирен Құмсайдың ар жағында.

Атты көрдім аяғы тұсалмаған.
Құсты көрдім аспанға ұша алмаған.
Айдын көлдің аққуын сонда көрдім
Құшамын деп, құшам деп, құша алмаған.

Өтті, кетті, жасық боп – жыламаймын,
Өткен күнді еске алам, сынамаймын.
Жемнің арғы бетінде құлан қуcап,
Жылқылары жүр ме екен Жұмабайдың.

Жауды көрсе әлі де ақия ма,
Тар болмай ма жетпіс жас тақияға–
Бір тай мінер уақытым болды менің,
Барсаң, сәлем бере шық Жақияға.

Сәлем беріп, мен болып тайға мін де,
Барсаң, сәлем айта бар Байғанинге,
Анда-санда құлақ сап жүр дегейсің
Жүрегінде жоғалмай қалған үнге.

Көп оқылды: