Мәзір
Бүгін, 16:34 / JariaLike / Күн-Жария

Құрылыс саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысты

Экологиялық айлықтың негізгі мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу

Құрылыс саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысты Құрылыс саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысты
Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды бастамасы аясында экологиялық айлық жалғасып жатыр. Іс-шараларға құрылыс саласының өкілдері белсенді қатысып, акцияны қолдап келеді. Кезекті экошараға елордада 5 мыңнан астам құрылысшы қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланы санитарлық тазарту жұмысына BI Group, Sensata Group, «Integra Construction KZ», Sat NS, Beles Holding, SvoyDom, NAK және басқа да компаниялар қатысты.

Экологиялық айлықтың негізгі мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу және тұрғындардың аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне жауапкершілігін арттыру.

Әрбір тұрғын мен әрбір ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етуге атсалыса алады.

Қала әкімдігі МИБ (ПИК), бизнес өкілдерін, еріктілерді және белсенді тұрғындарды акцияға қатысуға және қалалық ортаны жақсартуға өз үлес қосуға шақырады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #Жасылболашақ @TazaQazaqstan

Көп оқылды: