Мәзір
Бүгін, 21:33 / JariaLike / Олай емес…

Егер көрермен сахнадан өзін көрмесе, егер ол кейіпкердің бойынан өзі күнде қайталайтын қателіктерді танымаcа — онда сенің қаһарманың жоқ

Ал егер сенің кейіпкерің сол қателіктерді жасамайтын, адамдық әлсіздіктен ада, мінсіз тұлға болса онда бұл шығарма мәнсіз.

Егер көрермен сахнадан өзін көрмесе, егер ол кейіпкердің бойынан өзі күнде қайталайтын қателіктерді танымаcа — онда сенің қаһарманың жоқ Егер көрермен сахнадан өзін көрмесе, егер ол кейіпкердің бойынан өзі күнде қайталайтын қателіктерді танымаcа — онда сенің қаһарманың жоқ

Неге? 

Өйткені көрермен театрға екі-ақ себеппен келеді:
біріншіден — өзін көру үшін;
екіншіден — «мен бұлай істей алмаймын, бірақ істегім келер еді» деп таңдану үшін.

Кейіпкер — суперқаһарман болмауы керек.
Тіпті пайғамбарлар да адамдық қателіктен ада емес.
Библиялық трактаттарда Иса Иуданы «көрмей қалды» делінеді.
Шын мәнінде, ол көрді — және сол жолды әдейі таңдады.
Өйткені трагедия дәл осы таңдауда.

Марвел кейіпкерлерінің өзі мінсіз емес:
Бэтмен — бай ма, гений ме, әлде ішкі жарасын байлықпен жасырып жүрген адам ба — белгісіз.
Супермен — өзінің қайдан шыққанын білмейді,
оның ең үлкен әлсіздігі — сол.

Демек мәселе әлсіздікте емес.
Мәселе — ашық жарада.
Мен сахнадан адамды көруім керек.
Ал адам деген — жарасы бар тіршілік.

Сондықтан да айтылған:
Ахиллдің де өкшесі бар.
Театр осы жерден басталады.

Көп оқылды: