a74eb03a95161ca396c3609658a9a334_1280x720

Астанада ауқымды Open Air қалай өтті

Астанада ауқымды Open Air қалай өтті

12 тамызда Халықаралық Жастар күнінде Есіл өзенінің жағасында ашық аспан астында ауқымды музыкалық фестиваль өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев жастарды мерекемен құттықтап, өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы толығырақ айтып өтті.Сонымен қатар, фестивальге келушілер үшін викториналар мен байқаулар дайындалды. Ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды – power bank, құлаққаптар, музыкалық динамиктер. Сондай-ақ концерт барысында Instagram әлеуметтік желісіндегі «Абай жолымен» байқауының қорытындысы шығарылды. iPhone 15 pro иесі 21 жастағы Құлшар Бекзат болды.

«Биыл елорда көптеген қызықты іс-шаралармен, концерттермен, фестивальдармен қуантады. Кезекті Open Air жастар үшін арнайы ұйымдастырылғанын білгенде таң қалдым. Біз достарымызбен бірге тамаша жұмыс кешін өткіздік, ән айттық, биледік, көңіл көтердік. Баршаңызды Халықаралық Жастар күнімен құттықтаймын!» - деді елорда тұрғыны Малика Мамирханова.


Пікір Как:

Пікір (0)