Мәзір
30 маусым, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Елімізде бет-әлпетті бүркемелейтін киім киюге тыйым салынды

Заңға сәйкес, қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге болмайды. 

Елімізде бет-әлпетті бүркемелейтін киім киюге тыйым салынды Елімізде бет-әлпетті бүркемелейтін киім киюге тыйым салынды
pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бет-әлпетті жасыратын киім киюге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Jarialike.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңға сәйкес, қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады. Алайда, бұл тыйым бірқатар жағдайларға қолданылмайды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау,

қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару,

медициналық мақсаттарда,

азаматтық қорғау жағдайында,

ауа райының ерекшеліктеріне байланысты,

спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушылар үшін бұл талаптар жүрмейді.

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін, тұрғын үймен қамтамасыз ету және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында қабылданды.

Көп оқылды: