Мәзір
9 қаңтар, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

Атырау облысында жоғалған отбасы: Күдікті іздестіріліп жатыр

Қылмысқа басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін 

Атырау облысында жоғалған отбасы: Күдікті іздестіріліп жатыр Атырау облысында жоғалған отбасы: Күдікті іздестіріліп жатыр
Qamqor.gov.kz

6 қаңтарда Атырау облыстық полиция департаменті Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтірді деп күдіктелген адамға іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Jarialike.kz хабарлайды.

Атырау облысындағы бір отбасының жұмбақ жоғалып кеткеніне күдікті адам іздестіріліп жатыр. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Еске салайық, Атырау облысы Жангелді ауылында бір отбасының бірнеше мүшесі із-түссіз жоғалып, іс қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Тергеу барысында 1959 жылы туған ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылып, қылмыс адам өлтіру бабы бойынша тіркелді. Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілер анықталғанын, оларды ұстау шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Ал тағы екі адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.

Көп оқылды: