Бұл жөнінде Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген The New York Times басылымы жазды деп хабарлады Azattyq.org.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірде-бір америкалық әскери қызметкер қаза болмағанын, бірнеше адам жараланғанын айтқан еді.
Операцияға 150 америкалық ұшақ қатысқан. NYT-тің жазуынша, операция 2 сағат 20 минутқа созылған.
Басылым дереккөзінің айтуынша, Мадуроны АҚШ барлау басқармасының Венесуэла үкіметіндегі дереккөзінің көмегімен ұстаған болуы мүмкін. Ол дереккөз кейінгі күндері Мадуроның жүрген жерін бақылаған.