Мәзір
22 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Балаева: Айман Мұсақожаева өкпелемесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан

Университетке қарасты басқа да ғимараттардың жағдайы өте күрделі

Балаева: Айман Мұсақожаева өкпелемесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан Балаева: Айман Мұсақожаева өкпелемесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан
facebook.com/aqparatqogam/

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева біраз жыл Қазақ ұлттық өнер университетін басқарған  Айман Мұсақожаеваға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Jarialike.kz. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары университет жұмысы тұралап, құлдырай түскен.


Айман Қожабекқызы өкпелемесін, бірақ осы жылдар ішінде оқу орнының шатырынан су ағып, ғимаратының тоз-тозы шыққан. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ғимарат жаңарып, жаңа оқу жылын жаңа орында бастағалы отырмыз. Университетке қарасты басқа да ғимараттардың жағдайы өте күрделі. Президент тапсырмасымен енді біз колледжді де жаңарту мақсат етіп отырмыз,-деді Балаева.  

Сондай-ақ министр Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне тиесілі өнер лагері 2011 жылдан бері жұмыс істемей келгенін, оны қайта жандандыру қажеттігіне тоқталды. Бұл туралы Аида Балаева "Aiqyn" газетіне берген сұхбатында айтты.       

Көп оқылды: