Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханада мәйіті табылған Назарбаев университетінің студентінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Jarialike.kz хабарлайды.
Министрдің айтуынша, полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай мәлімет айтылмай жатыр. Біз тек полициямен жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз, – деді министр.
Журналистер министрден оқиғаға студенттер арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін бе деп сұрады.
Біз түсініктеме бере алмаймыз. Полиция департаменті тергеу аясында қосымша ақпарат айтады. Біз осылай келістік, – деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев университеті жатақханасынан студенттің мәйіті табылған еді.