Мәзір
4 маусым, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Ресей Байқоңырды жалға алуын жалғастыра беретін болды

Бұған дейін бірқатар ресейлік БАҚ Ресей билігі Байқоңырды пайдалануды мерзімінен бұрын тоқтатуды талқылап жатқанын жазған

Ресей Байқоңырды жалға алуын жалғастыра беретін болды Ресей Байқоңырды жалға алуын жалғастыра беретін болды
Фото: finobzor

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Байқоңырды жалға алу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Қазақстан Байқоңырды жалға беру шарттарын қайта қарастыра ма деген сұраққа шенеунік қысқа жауап қатты:

Біз жалға алу шарттарын қайта қарастырудың қажеті жоқ деп есептейміз, өйткені келісімшарт 2050 жылға дейін күшінде. Арендалық төлемдер тұрақты түсіп жатыр. Жалпы, Қазақстан осы уақытқа дейін 3 миллиард доллардан астам қаржы алды, – деді Жаслан Мәдиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар ресейлік БАҚ Ресей билігі Байқоңырды пайдалануды мерзімінен бұрын тоқтатуды талқылап жатқанын жазған болатын. Басылым ғарыш айлағын Қазақстанға толықтай қайтару туралы шешім 2026–2028 жылдар аралығында қабылдануы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл бастама жоғары деңгейде қолдау тауып, Сыртқы істер министрлігі мен «Роскосмос» сияқты негізгі құрылымдарға жеткізілген.

Көп оқылды: