Мәзір
2 маусым, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Шенеунік жолды өзіне салып алды»: Атырау тұрғындары шу шығарды

Олардың айтуынша, бір ықшам ауданда екі түрлі көрініс

"Шенеунік жолды өзіне салып алды": Атырау тұрғындары шу шығарды "Шенеунік жолды өзіне салып алды": Атырау тұрғындары шу шығарды
фото: видеодан алынған кадр

Атырау қаласында тұрғындар шенеунікті өзі тұратын көшеге теп-тегіс асфальт төсеп, қалған көшелерге көңіл бөлмей отырғанына наразы болды. Олар бізді алалаған мемлекеттік қызметкер жазаланып, жол барлығына теңдей салынсын деп отыр, деп хабарлайды Jarialike.kz 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша, бір ықшам ауданда екі түрлі көрініс. Бір жағы шұрық-тесік болса, енді бірінде түп-түзу асфальт.  

Сіздерге жол жоқ деп қағазын жауып тастады. Артынша, бір демалыс өтпей өзі 24-ші көшеде тұрады екен, шауып жүр. Жол салуға жанталасып жүр, өзінің көшесіне. Онда бәріміз солай әкімдікке жұмыс жасайық. Қарапайым халықты қанау бұл, – деді тұрғын Талап Боранов.

Тұрғындардың айтуынша, көлік өтсе, айнала шаң болып, жаңбыр жауса, батпаққа бататын жолмен жүру қиын екен. Тіпті, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігі кіре алмайды екен.

Көшеміздің жағдайы өте қиын. Себебі, өмірде түрлі жағдай болады қыста адам ауырса жедел жәрдемді шақыру қиын. Өрт болатын жағдайда кіре алмайды. Жүріп болмайды. Жалғыз біз отырмыз осылай. Біз не сонда тоқалдан туғанбыз ба, сонда?! – деді тағы бір тұрғын Әлмұрат Қамаш.

Шенеуніктер көшесіне асфальт төселген қызметкер әкімдікте бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс істейтінін растады. Бірақ барлық жұмыстың жоспар бойынша жүзеге асып жатқанын жеткізді. 

Жалпы Самал ықшам ауданында 21,22,23,24,25 көшелерде жол жоқ қазіргі таңда. Бірақ, қала әкімдігі тарапынан бұл көшелерге жобалау-құжаттау сметасы жасақталып бітті. Толықтай. Қазіргі таңда мемлекеттік-сараптамаға жүктелді. Жоспар бойынша маусым айының соңына қарай қорытындысын аламыз! Бюджеттен қаражат сұратамыз! – деді Атырау қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

Әкімдіктегілер жыл соңына дейін Самал ықшам ауданындағы бес көшеге жол салып беретінін айтты.

Көп оқылды: