Tанымал блогер Никонет (@niko_nett) жоғары лауазымды шенеунікпен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Блогердің айтуынша, ол азамат министр қызметін атқарған. Екеуінің қарым-қатынасы шамамен алты айға созылған. Осы уақыт ішінде шенеунік Никонетке ерекше көңіл бөліп, қаржылай да, моральдық тұрғыда да жомарттық танытқан.
ДӘЙЕКСӨЗ
Бұрынғы жігітім министр болған. Бұған дейін бұл туралы ешқашан айтқан емеспін. Ол үйленбеген еді. Мен принцип ретінде үйленген адамдармен кездеспеймін. Ол маған алты ай бойы қамқор болды. Миллиондар, гүлдер, сыйлықтар – мені бақытты ету үшін барлығын жасады. Бұл ертегі сияқты болды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, – деп жазды блогер Instagram-дағы сторисінде.
Керемет қарым-қатынас пен жайлылыққа қарамастан, блогердің айтуынша, оған деген сезім болған.
Никонет бұрынғы серігінің атын атамады, себебі “біреудің мансабына зиян келтіргісі келмейді”.