Түркістанға сапармен келген Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын көлікті сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Мәртебелі мейман Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Онда жол талғамайтын көліктің үлгісі көрсетілді.
Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын автокөлікті бірден ұнатып:
Ақ түске бояңыздар. Сатып аламыз, әңгіме жоқ, - деді ол.
Еске сала кетейік, Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанға 21 сәуірде барған. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Turkistan visit centre және «Этноауыл» кешенін аралап көрді.