Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ресми сапармен Қазақстанға келді. Оны Түркістан халықаралық әуежайынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы мен мәртебелі қонақ бейресми кездесуде екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан қаласындағы бірқатар мәдени және тарихи нысандарды бірге аралап көреді.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары сенімді серіктестік негізінде дамып келеді. Екі ел президенттерінің тұрақты кездесулері мен жоғары деңгейдегі сапарлар өңірлік тұрақтылық пен экономикалық өзара іс-қимылды арттыруға ықпал етуде.