Мәзір
21 сәуір, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Күдікт ұсталды. Тергеу амалдары басталды

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды Jarialike.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Telegram-арналар таратқан мәлімет бойынша, шенеунікке оқ атқан - Шымкент қаласының тұрғыны, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін 1994 жылы туған азамат.

Оқиға куәгерлері Сайга-12 маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атылғанын айтады. Оқ Руслан Берденовтің аяқ-қолына тиген.

Күдіктінің айтуынша, қала әкімінің орынбасары 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған көрінеді. Әйелі қазір жұмыссыз.

Руслан Арысбекұлы оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шегуші оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алды деген алдын ала диагноз қойған.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бүгінде құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікт ұсталды. Тергеу амалдары басталды.

2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс қаруы қолданылған оқиға орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада "Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатыны" айтылған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Көп оқылды: