Мәзір
10 қыркүйек, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

Көршілер арасындағы жанжалдан бір адам мерт болды

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Көршілер арасындағы жанжалдан бір адам мерт болды Көршілер арасындағы жанжалдан бір адам мерт болды
pexels

Шымкентте көршілер арасындағы жанжалдан ер адам ауыр жарақат алып, көз жұмды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде Шымкентте кішкентай қыздың көзінше ер адамның зейнеткерді ұрып-соққаны бейнеленген видео тарады. Кадрлардан екі ер адамның жанжалдасып, кейін төбелескенін көруге болады. 

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жәбірленуші мен оның көршісі жанжалдасып қалған. Күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған. Дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

— Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды, — деді қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жария етілмейтінін хабарлады.



 

Көп оқылды: