Мәзір
11 наурыз, 2025 / JariaLike / Спорт

Шавкат Рахмонов Ресей атынан өнер көрсете ме

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды

Шавкат Рахмонов Ресей атынан өнер көрсете ме Шавкат Рахмонов Ресей атынан өнер көрсете ме
Фото: fighttime.ru

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов күтпеген жерден ресейлік спортшылардың тізімінде пайда болды, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды.

Ұсынылған жекпе-жек кешінің құрамында жеңілмеген қазақстандық жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов та бар, бірақ оны Ресей туының астына қойған.

Сонымен қатар Лафламм турнирдің өтетін орнын және нөмірін де белгілеген.

UFC 318: Филадельфияда АҚШ Ресейге қарсы бақ сынайды:

Дастин Порье – Ислам Махачев; 

Джамахал Хилл – Магомед Анкалаев; 

Колби Ковингтон – Шавкат Рахмонов; 

Шон О’Мэлли – Умар Нурмагомедов; 

Деррик Льюис – Сергей Павлович; 

Майкл Чендлер – Арман Царукян; 

Кевин Холланд – Абубакар Нурмагомедов; 

Бо Никал – Икрам Алискеров, – деп жазды америкалық сарапшы желідегі парақшасында.

Көп оқылды: