Мәзір
11 наурыз, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Саясат Нұрбек отқа төзімді кабельді жағып көрсетемін деп саусағын күйдіріп алды

Жоғары білім және ғылым министрінің айтуынша, изоляциялық материалды қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан

Саясат Нұрбек отқа төзімді кабельді жағып көрсетемін деп саусағын күйдіріп алды Саясат Нұрбек отқа төзімді кабельді жағып көрсетемін деп саусағын күйдіріп алды
Фото: видеодан скриншот

Жоғарғы білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында тәжірибе көрсету үшін жанбайтын кабельді оттықпен күйдіріп көрсетті, деп хабарлайды Jarialike.kz

Министр Қазақстанда шығарылатын ыстыққа төзімді кабельді жағып көрсетіп жатқанда саусағын күйдіріп алды.

Оның айтуынша, изоляциялық материалды қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан. 

Бізде ядролық физика институты бар, ол жерде иондық жеделдеткіш тұр. Жеделдеткіш материалдың құрылымын өзгертуге көмектеседі. Кабель шығаратын "Қазэлектромаш" бар. Олар кабель шығарады және бұл үшін отқа төзімді материал керек. Сондықтан осындай кабель дайындап шығардық, жанбайды және тұтанып кетпейді. Сондай-ақ суыққа төзімді, сынып кетпейтін кабельдер бар. Осындай кабельдің бір партиясы экспортқа кетті, – деді Саясат Нұрбек.

Көп оқылды: