Мәзір
28 ақпан, 2025 / JariaLike / UNSIZ QALMA

Түркістан облысында 11-ші сынып оқушысы 14 жастағы қызды жарты жыл зорлаған

Пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлепті.
 

Түркістан облысында 11-ші сынып оқушысы 14 жастағы қызды жарты жыл зорлаған Түркістан облысында 11-ші сынып оқушысы 14 жастағы қызды жарты жыл зорлаған
Фотосурет ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сайрам ауданында жігіт мектеп оқушысын жарты жыл зорлап келген. Мұны Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Бұл туралы «Не молчи» қоры мәлімдеді. Аталған жағдай 2 жыл бұрын болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-ші сынып оқушысы 7-ші сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді. Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қыз кінәлі екенін айтып қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады. 6 ай ішінде жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол оның қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.
2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлайды. Қыздың анасы бар жағдайды біледі. Кейін бірден Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазады. Алайда сот әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жігіт әлі күнге дейін бостандықта жүр.
«Не молчи» қоры жоғарғы соттан осы мәселені біржақты етуді сұрады. Қор мәліметінше, қыз осы жылы мектеп бітіреді екен. Ал жігіт жауапкершілікке тартылуы керек ересек адам.

Көп оқылды: