Мәзір
28 ақпан, 2025 / JariaLike / Аймақ

Алматыда екі жасар бала 105 магнит моншақ жұтып қойған

Анасы бір апта бұрын қонаққа барғандарын, мүмкін сонда бірнәрсе жұтып қоюы мүмкін екенін айтты.

Алматыда екі жасар бала 105 магнит моншақ жұтып қойған Алматыда екі жасар бала 105 магнит моншақ жұтып қойған
Фотосурет Ulysmedia.kz сайтынан

Ulysmedia.kz дерегінше, алматылық дәрігерлер екі жастағы баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ шығарды.

Мән-жай

20 ақпанда Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, шамамен бір апта бұрын қонаққа барғанда, баланың металл магнит жұтып қойған болуы мүмкін, бірақ магниттің нақты саны белгісіз еді.

Құрсақ қуысының рентгенографиясы барысында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды. Бөгде затты алып тастау үшін бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Операция

Әуелі мамандар бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты, алайда магниттердің тығыз жиналуы кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу - лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды.
Отадан кейін бала реанимация бөліміне ауыстырылып, кейін хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

Көп оқылды: