Мәзір
5 ақпан, 2025 / JariaLike / Денсаулық

Шымкентте 56 жастағы ер адам 23 жастағы ұлына бүйрегін берді

Ота сәтті өтіп, әкесі мен ұлының жағдайы тұрақты.

Шымкентте 56 жастағы ер адам 23 жастағы ұлына бүйрегін берді Шымкентте 56 жастағы ер адам 23 жастағы ұлына бүйрегін берді
Фотосурет Kazgazeta.kz сайтынан

Ақпаратпен Inbusiness.kz бөлісті. Соған сүйенсек, дәрігерлер айтуынша, науқас созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен 1,5 жылдан бері емделіп, гемодиализ аппаратына тәуелді болғанын айтқан.
Ота сәтті өтіп, әкесі мен ұлының жағдайы тұрақты. Қазір олар палатаға ауыстырылды, ал жас жігіт алдағы уақытта қалыпты өміріне орала алады.
Айта кетейік, Шымкентте бүгінге дейін 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалған.

Көп оқылды: