Мәзір
27 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Бала көтере алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

Құрбылары босанған әйелдің іш киімін әкелгенде қалжың деп қабылдапты.

«Бала көтере алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты «Бала көтере алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты
Фотосурет Ulysmedia.kz сайтынан

Madeniportal.kz мәліметінше, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала көтере алмай жүрген келіншектермен сұхбаттасты. Оның сөзінше, көбіне келіншектерге жақындары медицинаға қарағанда халықтың наным-сенімдеріне сенуді айтады екен.
— Бұтының арасынан өт… Бала көтере алмай жүрген келіншектерге түрлі ырымдарды айтып, көрсетіп жатады. Үміт үзбейтіндер бәрін жасайды. Көнеді. Сенеді, сенбейді білмеймін. Алтын құрсақты ананың аяғының ортасынан өткізу, әулиеге түнеу, босанған әйелдің, не ер азаматтың іш киімін ұрлау, памперсты сыйлау, емшілерге бару, айтқанын істеу. Бұл мен сұхбат алып жүрген келіншектерден естігенім, білмейтінім қаншама? — деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Тіпті өзі де бұл жайтты басынан өткізгенін жасырмады. Ләйләға тұрмыс құрғаннан кейін бір жылдан соң іш киімін сыйлаған құрбылары да болыпты.
— Өміріңізде мұндай жағдайлармен кездессеңіз, бөлісіңіз. Өз басым тұрмысқа шыққан соң бір жылдай бала көтере алмағанда, босанған әйелдің іш киімін әкеліп берген құрбыларым болды. Мен оны прикол деп қабылдадым, — деді тележүргізуші.

Көп оқылды: