Тойлардың бірінде екінші қабатта тұрып, жұрттың үстіне ақша шашқандардың әрекеті жұрттың ашуын туғызды. Бұл туралы madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Онда үш-төрт адамның ақша лақтырып тұрғанын көруге болады.
Олардың бұл әрекетін желі қолданушылары қолдай қойған жоқ.
– «Қолымен таратса да болар еді», «Мақтанудың шегі», «Құтырғандар, бәрінің сұрауы бар ғой», «Жетіскен екенсіңдер», «Ақшаның да киесі болады», «Ой, масқара, мақтаншақтар», «Бұл енді шектен шығу. Дарақылық», – деп жазды желі қолданушылары.