Мәзір
24 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Биыл қанша қазақстандықтың әскерге баратыны белгілі болды

Үкімет қаулы қабылдады.

Биыл қанша қазақстандықтың әскерге баратыны белгілі болды Биыл қанша қазақстандықтың әскерге баратыны белгілі болды
Фотосурет zhaikpress.kz сайтынан

Бұл туралы Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап ақпар ұсынды. Соған сүйенсек, 2025 жылы 42 098 қазақстандық әскерге шақырылмақ.
Үкімет қаулы қабылдапты. Оған сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етуге міндеттелді. Сонымен қатар 2025 жылғы наурыз - маусым және қыркүйек - желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 42 098 ер азаматтарды шақыруды жүргізілуі керек.
Сондай-ақ әкімдіктер ҚР заңнамасына сәйкес шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуге міндеттелген.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 40 202 азамат әскери қызметке шақырылды.

Көп оқылды: