Мәзір
31 мамыр, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Биыл Құрбан айт қашан басталады

Мереке 8 маусым, жексенбіге дейін жалғасады

Биыл Құрбан айт қашан басталады Биыл Құрбан айт қашан басталады
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айттың бірінші күні — 6 маусым, жұма күні болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Мереке 8 маусым, жексенбіге дейін жалғасады.

Осылайша, маусымның алғашқы аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан — 6, 7 және 8 маусымда демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болуы мүмкін.

ҚМДБ мәліметінше, исламдағы қасиетті күндер мен айлар Ай күнтізбесіне негізделеді. Жаңа айдың тууы кейде 29, кейде 30 күнге созылуы мүмкін.

«27 мамыр күні жаңа ай туғандықтан, Зүл-хижжа айы 28 мамырда басталды. Сәйкесінше, Арафа күні — 5 маусым, ал Құрбан айт — 6 маусым деп бекітілді», – деді Діни басқарма.

Құрбан айт — ислам күнтізбесінің Зүл-хижжа айының 10-күні атап өтілетін ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Бұл күні мұсылмандар:

Таңертең айт намазын оқиды;

Құрбандық шалады;

Жақындары мен мұқтаж жандарға қол ұшын созады;

Айт намазының уақыты күннің шығуына байланысты әр өңірде әртүрлі белгіленеді.

Көп оқылды: