Мәзір
21 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Қырғызстан билігі алдағы 10 жылда елдің сыртқы қарызынан толық құтылуға ниетті

Қыруар қаржыны мемлекетке жүк қылғысы келмейді.

Қырғызстан билігі алдағы 10 жылда елдің сыртқы қарызынан толық құтылуға ниетті Қырғызстан билігі алдағы 10 жылда елдің сыртқы қарызынан толық құтылуға ниетті
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан

Kazinform мәліметінше, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4,5 млрд доллар шамасында сақталып отыр.
«Кабар» агенттігіне сұхбат берген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің сыртқы қарызы 7 млрд доллардан асты деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
– Бұл – жалған ақпарат. Біздің сыртқы қарызымыз 4,5 млрд доллар шамасында. Мұндай деректерді жасырынып жүрген саясаткерлер билікті жамандау мақсатында таратып отыр. Қазір сыртқы қарызға қатысты ешқандай қорқыныш жоқ, –  деді Садыр Жарапов.
Оның айтуынша, Қырғызстан экономикасы сыртқы қарызды мерзімінен бұрын жабуға қауқарлы. Дегенмен несиені ерте өтеу мемлекет үшін тиімсіз.
– Депутаттар ұсынғандай, сыртқы қарызды бір күнде жауып тастауға болады. Алайда, бұлай өтеу тиімсіз. Себебі несиелер 2 пайызбен 30-40 жыл мерзімге алынды. Келісімге сай, егер біз оны ерте төлесек, пайыздық үстемеақы 2 пайыздан жоғары шығады. Кесте бойынша елдің негізгі сыртқы қарызын 2035 жылға қарай толық өтеп боламыз. Сондықтан бұл біз үшін мәселе емес, – деді Қырғызстан президенті.
Қоса кетсек, Қырғызстанда 3 млрд долларға «Мақмал-Қаракөл» бағыты бойынша теміржол салынады.
Сонымен қатар, Азия даму банкі Қырғызстанға мемлекеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін 74,8 млн доллар грант және 147,2 млн доллар жеңілдік несие береді.

Көп оқылды: