Мәзір
16 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Қостанайда сырғанақ орнын бұзып жатқан жұмысшы мерт болды

Ер адамның құлаған кезде бірнеше сүйегі сынған.

 

Қостанайда сырғанақ орнын бұзып жатқан жұмысшы мерт болды Қостанайда сырғанақ орнын бұзып жатқан жұмысшы мерт болды
pexels.com

Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады.

- Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, -  деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

- 13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз «Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы» және «1-2 дәрежелі жарақаттық шок». Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, - деп хабарлады дәрігерлер.

 

Көп оқылды: