Мәзір
31 қаңтар, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

АҚШ-тағы ұшақ апаты: қазақстандықтар туралы не белгілі?

Ұшақ жергілікті Потомак өзеніне құлаған. 

АҚШ-тағы ұшақ апаты: қазақстандықтар туралы не белгілі? АҚШ-тағы ұшақ апаты: қазақстандықтар туралы не белгілі?
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та апатқа ұшыраған ұшақтың бортында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Бұл туралы Kazinform Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Әуе кемесі Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7-де Вашингтон әуежайына қонар алдында әскери тікұшақпен соқтығысқан. Ұшақ жергілікті Потомак өзеніне құлаған. 
Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. 30-дан астам құрбанның денесі судан шығарылды.

Ұшақта мәнерлеп сырғанаудан АҚШ чемпионатынан ұшып келе жатқан ресейлік спортшылар болған. 
Бұған дейін Трамп Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмағанын мәлімдеген болатын. 

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.

Көп оқылды: