Мәзір
27 қаңтар, 2025 / JariaLike / Әлеумет

«Ішімде сақтап, үндемей қалдым»: Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары азап шеккенін жасырмады

Ұрыс-керістен қашқысы келіпті.
 

«Ішімде сақтап, үндемей қалдым»: Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары азап шеккенін жасырмады «Ішімде сақтап, үндемей қалдым»: Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары азап шеккенін жасырмады
Фотосурет golos-naroda.kz сайтынан

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сәтсіздіктің кесірінен денсаулығының сыр бергенін айтты, деп хабарлайды jarialike.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Өнер иесі әзілкеш Жахан Отарғалиевтен ажырасқан соң күйзеліске түскенін баяндап берді. 
– Әр нәрсенің қайыры бар демекші, жаңалықтан кейін маған қолдау білдірген жан көп болды. Қазіргі өмірім өзіме ұнайды. Ажырасқаннан кейінгі тәжірибені бөлісейін. Қыздар, егер адамыңыз сізге ұнамаса бірден кеткеніңіз жөн. Ішіңізден нені қалап тұрсыз, нені айтқыңыз келіп тұр соны бірден шығарып тастаңыз. Не нәрсе ұнамайды, бірден ашық айтып тастаңыз. Егер ішіңізге жинай берсеңіз менің бетім сияқты сыртқа шығатын болады. Тіпті, ауру болып та сыртқа шығатын жағдайларды көріп жүрміз. Мен осы кезеңнен өттім. Былтыр бетімнен адам шошитын еді. Өйткені мен конфликтіден қаштым. Ұрыс кезінде жарайды деп көне салдым немесе үндемей іштен тындым. Түбінде өзім зардап шектім, – деді Балжан. 
Өнер иесінің сөзінше, мұндай іс-әрекетінің дұрыс емес екенін кейін барып түсінген. 
– Бұл түсінік маған саналы түрде енді ғана келіп жатыр. Күйген дүние күйіп, көкірегі тесіліп кетсе де ойыңды ашық жеткізуді үйрендім. Есесіне бәрі шынайы болады. Үнемі тыныштықты қалаған қашқын мінезімнен өзім азап тарттым, – деп жазды әнші.

 

Көп оқылды: