Nege.kz ақпаратынша, ертеңнен бастап заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда интернет қосылатын болды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі жазғандай, бұл қызмет әзірге №3/4 «Астана-Алматы» пойызында қолжетімді.
Пилоттық жоба шеңберінде енді жолаушыларға WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және видео көруге мүмкіндік береді.
Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады.
Сондай-ақ, билетті жылдам тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр.