Kazinform дерегінше, өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Индустриалды аймақта 485 млрд теңгенің 67 жобасы іске асырылып жатыр. Мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды.
– Былтыр 73,9 мың жұмыс орны ашылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді, – деп хабарлады әкімдіктен.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 2025 жылы құны 197 млрд теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарда. Бұл 2,7 мың адамның жұмысқа орналасуына мүмкіндік бермек.