Мәзір
23 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Орал тұрғыны үйіне 100-ге тарта адамды тіркеп қойған

Өздері пәтерде нақты тұрмайды да екен.

Орал тұрғыны үйіне 100-ге тарта адамды тіркеп қойған Орал тұрғыны үйіне 100-ге тарта адамды тіркеп қойған
Фотосурет ашық дереккөзден

Malim.kz дерегінше, Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Сөйтіп, Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды.
Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).
Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі). Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.

Көп оқылды: