Мәзір
21 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

ШҚО-дағы сауда павильондарында картоп 125 теңгеден сатылып жатыр

Алдын ала жасалған келісімшарт негізіндегі өнім көлемі бағаны тұрақты ұстауға жеткілікті көрінеді.
 

ШҚО-дағы сауда павильондарында картоп 125 теңгеден сатылып жатыр ШҚО-дағы сауда павильондарында картоп 125 теңгеден сатылып жатыр
Фотосурет kaz.orda.kz сайтынан

Облыс әкімдігі мәліметінше, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері сауда павильондарында картоптың келісі 125 теңгеден сатылып жатқанын жеткізді. Бұл 130 теңге мөлшеріндегі шекті рұқсат етілген бағадан төмен. 
– Корпорация павильондарындағы картоп бағасы жеткізушілермен ағымдағы келісімшарттар аясында өзгеріссіз қалады. Бұл тәсіл компанияның нарықтық баға ауытқуларының әсерін барынша азайтып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді көздейтін кешенді стратегиясының бір бөлігі, – делінген ақпаратта.
«Ертіс» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Дидар Мажириновтың айтуынша, алдын ала жасалған келісімшарт аясындағы өнім көлемі бағаны тұрақты ұстауға жеткілікті. Келісімшарт негізінде алдын ала келісіліп, қаражат жұмсалған картоп көлемі 5,5 мың тонна болса, бүгінде қорда қалған өнім көлемі 3 мың тоннадан астам. Бұл жағдай нарық бағасының ауытқуына қарамастан картоптың келісін 125 теңгеден сатуға мүмкіндік береді. 
– Қазіргі келісімшарттар аяқталған соң да, жаңа келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін де көкөніс өнімдерінің бағасы шекті рұқсат етілген бағадан аспайды. Баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызы бар өнімдер 15 сауда павильоны мен 41 серіктес-дүкендер арқылы сатылуда. Ал қалған павильондар бойынша мемлекеттік реестрде ашық аукцион түрінде конкурстық рәсімдер өтуде, – деді жауапты тұлғалар.
 

Көп оқылды: