Мәзір
16 қаңтар, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Анастасия Городко, Аяулым Әмренова Универсиаданың алтыны мен күмісін иеленді

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кеше ел қоржынына параллельді могулдан үш жүлде түсті.
 

Анастасия Городко, Аяулым Әмренова Универсиаданың алтыны мен күмісін иеленді Анастасия Городко, Аяулым Әмренова Универсиаданың алтыны мен күмісін иеленді
Фотосурет qaz_team_official парақшасынан

Бұрымдылар арасында финалдық бәсекеге екі бірдей қазақстандық спортшы өтіп, көпті таң қалдырды. Анастасия Өскеменннің, Аяулым Зайсан ауданының тумасы. Бір өңірдің спортшыларына бір мемлекеттің, яғни Жапонияның үздіктері қарсы тұрды. Қуанышқа орай, олардың алдын орап, финалдық бәсеке тұңғыш рет екі спортшымыздың арасында өрбіді.
Городко оның алдында ғана фристайл-могул сайысында топ жарған еді. Кешегі жарыс нәтижесі төмендегідей:
1. Анастасия Городко 
2. Аяулым Әмренова 
3. Марин Ито (Жапония)
Тағы бір сүйінші жаңалық, ерлер арасында Антон Бондаров кеше жұптық могулда күміс медальды олжалады. Сөйтіп, фристайлдың бұл түрінен спортшылар қоржынға екі күнде төрт медаль салды.

Көп оқылды: