Cенбі-жексенбі күндері елдің бірқатар аймағында күн райы құбылмалы болады. Жауын-шашын толастамайды. Бұл туралы «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап Jarialike.kz хабарлайды.
Ертең солтүстік, оңтүстік бөліктерінде жауын болып, шығысында және оңтүстік-шығыс өңірлердегі таулы жерлерде қар ұшқындайды.
Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман түседі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Фото: yuzh-ural.ru